В прикрепительной кампании по городу Алматы участвуют 7 новых медицинских организаций

  1. Главная страница
  2. Брифинг
  3. В прикрепительной кампании по городу Алматы участвуют 7 новых медицинских организаций
В прикрепительной кампании по городу Алматы участвуют 7 новых медицинских организаций

В прикрепительной кампании по городу Алматы участвуют 7 новых медицинских организаций

 

Биылғы тіркеу науқанына Алматы қаласы бойынша 7 жаңа медицина ұйымы қатысып жатыр

 

21-қыркүйек 2018 жыл                                                                              Алматы қаласы

 

 

Алматы тұрғындары қыркүйектің 15-інде басталған тіркеу науқаны кезінде 77 медицина ұйымының біріне тіркеле алады. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан 15-қарашада аяқталмақ.

Бұған дейін шаһар бойынша 70 емхана қызмет көрсетіп келген болатын. Қалған жетеуі науқанға биыл алғаш рет қатысып отыр. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

«2017 жылы халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен 56 мекеменің 40-ы мемлекеттік, 16-сы - жеке меншік болатын. Ал, биыл олардың саны 70-ке жетіп, жеке меншік клиникалардың саны екі есе артты, - деп қосты Т.Әбілдаев. – Халыққа 2019 жылы қызмет көрсетуге бел буып, биылғы тіркеу науқанына қатысып жатқан 77 емдеу мекемесінің жартысы жеке меншік клиникалар».

Емхананы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайты арқылы таңдауға болады. Сонымен қатар, азаматтар «МСҚ: Халықтық бақылау» мобильді қосымшасы арқылы клиникалардың рейтингімен танысып, олардың қызметін бағалай алады. Мамандар таңдау жасағанда үйге жақын маңдағы емханаға және отбасылық қызмет көрсету принципіне басымдық беруге шақырады.

Естеріңізге сала кетсек, қазір 1 жалпы практика дәрігеріне түсетін жүктеме 1700 адамға дейін қысқартылды. Бұрын 1 дәрігер 2 мың адамға қызмет көрсететін. Осы орайда, брифингке қатысушылар емхана басшыларының жаңа учаскелер ашуға күш салуы қажеттігін және бұл мәселеде медициналық бизнес тарапынан белсенділік күтетіндерін де атап өтті.

Биылғы кампанияның тағы бір жаңалығы - ерікті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға байланысты. Бұдан былай ЕМС полисі бар азаматтар Қазақстан аумағындағы емханалар/клиникалар желісіне тіркеліп, кез-келгенінің қызметіне жүгіне алады.

Тіркелудің үш түрлі әдісі бар. Таңдап алған емханаға тікелей барып, электронды үкіметтің egov.kz порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы Connectionpoints бөлімі арқылы онлайн режимінде тіркелуге болады.

«Биыл «Тіркелген тұрғындар регистрі» ақпараттық жүйесі жаңартылған болатын. Соның нәтижесінде тек емхананы ғана емес, учаскелік дәрігерді де таңдауға мүмкіндік туып отыр», - деді Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Алматы филиалы директоры Гүлнар Ысқақова.

Дегенмен, маман тіркеу барысында қате кетіп, қиындықтар туындамас үшін тіркелудің электронды әдісін пайдалануға кеңес берді.

 

 

 21 сентября 2018 года                                                                                              г. Алматы

 

Жители города Алматы могут прикрепиться к одной из 77 медицинских организаций в рамках ежегодной прикрепительной кампании с 15 сентября по 15 ноября.

70 из этих поликлиник уже обслуживают алматинцев в текущем году и еще 7 участвуют в кампании впервые. Об этом сегодня в ходе пресс-брифинга сообщил директор филиала Фонда социального медицинского страхования по городу Алматы Тлеухан Абилдаев.

«Если в 2017 году первичную медико-санитарную помощь оказывали 56 организаций, из которых 40 были государственными и 16 – частными, то в 2018 году таких организаций уже 70, а количество частных поставщиков выросло почти вдвое, - добавил Т. Абилдаев. – Из 77 поликлиник, которые участвуют в кампании прикрепления для обслуживания населения в 2019 году, половина являются частными».

Выбрать поликлинику можно на официальном сайте Фонда социального медицинского страхования fms.kz, а просмотреть рейтинг клиники или оставить свой отзыв - через мобильное приложение «ФМС. Народный контроль». При выборе специалисты рекомендуют ориентироваться на принципы семейного обслуживания и территориальной близости.

Напомним, что предельная нагрузка на одного врача общей практики теперь составляет 1700 человек вместо прежнего показателя в 2 тысячи человек. В связи с этим участники брифинга обратили внимание на необходимость создания новых участков и отметили активность медицинского бизнеса в решении этого вопроса.

Еще одно нововведение нынешней кампании коснется участников системы добровольного медицинского страхования. Теперь владельцы полисов ДМС получают возможность прикрепляться к сети поликлиник и обслуживаться во всех поликлиниках этой сети по всему Казахстану.

Граждане могут прикрепиться непосредственно обратившись в выбранную поликлинику либо онлайн посредством портала электронного правительства egov.kz из дома, офиса или через Connection points в Центрах обслуживания населения.

«В текущем году проведено обновление информационной системы «Регистр прикрепленного населения», реализована возможность выбора не только поликлиники, но и одного из участков врача», - сообщила директор алматинского центра электронного здравоохранения Гульнар Искакова.

Она также порекомендовала чаще использовать электронный способ прикрепления во избежание случаев некорректного прикрепления и возможных ошибок в процессе получения услуги.

 

 

 

Отдел по информированию населения филиала НАО "ФСМС" по г. Алматы

8 727 296 58 20, 8 701 228 2274
Scroll Up